ІІМ: Ресейден азаматтық сұрап жатқан адамдар тіркелген жоқ

0
561

Геосаяси жағдайларға байланысты ресейліктердің Қазақтан азаматтығын алғысы келетіні туралы интернетте мәлімет көп тарап жатыр.


ІІМ: Ресейден азаматтық сұрап жатқан адамдар тіркелген жоқ

ERNUR.KZ. Кей БАҚ-тың жазуынша, ресейліктер «Қазақстан азаматтығын қалай алуға болады?» деген сұрақтың жауабын интернеттегі іздеу жүйелерінен көп іздеген. Осы мәселе жөнінде мәжілісте Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев пікір білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мәжілісте «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Талқылау барысында Ақ жол фракциясы атынан Берік Дүйсенбинов қос азаматтығы бар адамдарға қатысты мәселе көтерді.

«Біз азаматтардың қалтасында екінші паспорты барын адамды қылмыс жасағанда ғана білеміз. Бірақ мұны сұрау салған жағдайда мысалы көршілес Ресей бізге жауап бермеуге құқылы. Көп жағдайда біздің азаматтардың қос азаматтаығы байқаусызда анықталады. Сіздің жобаларыңыз оны анықтауға көмектесе ме? Геосаяси жағдайлар көршілес елдердегі азаматтардың «Қазақстанның азаматтығын қалай алуға болады?» деген сұрауы көбейіпті. Олар уақытша мекен еткісі келе ме?» - деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген Марат Қожаев бүгінгі күні қос азаматтығы мәселесі күрделі тұрғанын айтады. Кейбір мәліметтер Қазақстанға уақытында түспейтін көрінеді (Ресей жағынан).

«Бірақ біздің шекарадағы шектеулермен, бізге келген кездегі құжаттармен, арнайы жедел шаралар арқылы анықталып жатады. Ол мәселе бар. Оны қатайту осы келісімде де көрсетілген. Әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар келісімде көрсетілген. Сондай мәліметтер түскен кезде біз азаматтар қай елдің азаматы екенін анықтай аламыз. Жауапкершілікке тартылғанын да» - дейді ол.

ІІМ өкілі желідегі ақпараттан хабар барын айтты.

«Нақты бүгін Ресейден бізден азаматтық сұрап жатқан адамдар тіркелген жоқ. Болашақта болып жатса арнайы тексерулер бар, олар өз елінің азаматтығын шыққанын дәлелдеуі керек. Сондай кейін ғана заңға қайшы келмесе, олар алынатын болады. Оның басқаша жолы жоқ», - деді ол.