​Илья Ильин спорттан саясатқа кете ме?

0
1 221

Саясатқа кетуді жоспарлап отыр ма, жоқ па, сол жайында айтып берді


​Илья Ильин спорттан саясатқа кете ме?

сурет:kz.utro.news

ERNUR.KZ. Әлем чемпионы және ауыр атлетикадан рекорд иесі Илья Ильин болашаққа жоспары және спорт мансабы аяқталған соң, саясатқа кетуді жоспарлап отыр ма, жоқ па, сол жайында айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әлем чемпионатына жаттықтырушы және спортшы ретінде де қатыстым. Ауыр атлетикадан білімім бар, қазақстандық ауыр атлетика федерациясында команда менеджері бола алатын едім. Жасым 30-ға келді, әрі қарай не істейтінімді ойлауым керек. Спортшыларға спорттағы өмірден кейін қарапайым өмірге бірсарынды еніп кету оңай емес. Сондықтан біраз еңбектенуге тура келіп отыр», - деді И.Ильин.

Бұл ретте спортшы болашақ мансабын саясатпен байланыстыруды жоспарлап отырған жоқ.

«Саясатқа келу үшін білімді болып, көпті көруің керек. Ол үшін кем дегенде тағы 10-12 жыл өтуі тиіс. Маған жақсы қызмет ұсынса да, не істеу керектігін түсіну үшін спорттық менеджментті меңгеріп алу керек. Бұл өте маңызды», - деп санайды спортшы.

И.Ильиннің пікірінше, қазіргі кезде қазақстандық ауыр атлетикада «қайта жүктеу» болып жатыр.

«Қазір біз қызықты, жаңа нәрсені құруға талпынып отырмыз. Осыдан 5 жыл бұрынғыдай мол алтын медальға қалай қол жеткізетінімзді ойластырып жатырмыз», - деп атап өтті ол.