Иманбек GQ журналы сыйлығын жеңіп алды

0
517

Еске сала кетсек, осы жылдың мамырында Иманбек Зейкенов АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды.


Иманбек GQ журналы сыйлығын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Ресейдің GQ журалының жыл сайынғы сыйлығында «Жыл жаңалығы» аталымында жеңіске жетті, деп жазады inform.kz.


«Grammy сыйлығы, аудиоплатфоралардағы миллиардтаған тыңдалым және әлемдік музыкалық компаниялармен, лейблдармен келісімшарттар. Рэпер Saint Jhn-нің Roses трегіне жасаған ремиксы биыл әлемнің түпкір-түпкірінде қойылған қазақстандық диджей әрі продюссер Иманбек Зейкенов үшін бұл бастамасы ғана екендігіне сенімдіміз», - деп жазады басылым .


Еске сала кетсек, осы жылдың мамырында Иманбек Зейкенов АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды. Одан бөлек, қазақстандық музыкант биылғы жылдың наурыз айында музыка саласында ең беделді Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.