Инспекторлардан қашқан браконьерлер өз көлігін өртеп жіберді

0
776

Көліктің ішінен ақбөкеннің екі қарақұйрығы, екі 12-калибрлі мылтық, қақпан, ыдыстағы бензин және 12 калибрлі қарудың 50 шақты оғы табылды.


Инспекторлардан қашқан браконьерлер өз көлігін өртеп жіберді

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында браконьерлер ақбөкенді заңсыз аулағаны үшін ұсталды, деп жазады zakon.kz.

"2019 жылы 5 желтоқсанда түнгі сағат 3:45 шамасында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында рейдтік іс-шаралар кезінде «Охотзоопром» өндірістік-өнеркәсіптік кәсіпорнының Ақтөбе облыстық филиалының инспекторлары күдікті Toyota Land Cruiser 100 автокөлігін байқады. Олардың ізіне түскенде күдіктілер айғақтарды жасыру үшін көлікті өртеп жіберген. Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды", - деді Сәкен Ділдахмет.

Ұсталғандар ақбөкендерді атқандарын мойындады. Көліктің ішінен ақбөкеннің екі қарақұйрығы, екі 12-калибрлі мылтық, қақпан, ыдыстағы бензин және 12 калибрлі қарудың 50 шақты оғы табылды.

Қазіргі уақытта Шалқар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр. Бұл факт 2019 жылдың 5 желтоқсанында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Шалқар ауданының полиция бөлімінің бірыңғай дерек тізіліміне тіркелді.