Қапшағай су қоймасында 12 балықшы құтқарылды

0
560

Қалыңдығы 15 см болатын мұздың сынған бөлігінде 12 адам қалған.


Қапшағай су қоймасында 12 балықшы құтқарылды

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 5 наурызда сағат 15.44 -те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Қапшағай су қоймасында, "Голубой залив" құмды жағажай ауданында мұз жарылып, сынған мұз кесегі жағадан алыстап бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға орнына дереу Қонаев қаласындағы жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген.

Шақыру орнына барған кезде балықшылар жағадан 30 метр қашықтықта мұздың сынған бөлігінде екені анықталды. ТЖД құтқарушылары мұздың сынған бөлігіндегі барлық балықшыларды жүзу құралдарының көмегімен жағаға эвакуациялады. Құтқарылған азаматтар барлығы Алматы қаласының тұрғындары екені анықталды.Балықшылар құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мұз асты балық аулау әуесқойларымен су айдындарында қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, профилактикалық іс-шаралар өткізетінін айтты.