Қарағандыда балабақшада бала химиялық күйік алған

0
508

​Қазір бала облыстық балалар ауруханасында жатыр.


Қарағандыда балабақшада бала химиялық күйік алған

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы балабақшаның тәрбиешісінің көмекшісі шәйнекті қақтан тазарту үшін су құйылған шәйнекке бір деохлор таблеткасын салған, бірақ мұны білмеген тәрбиеші екі балаға шәйнектен су құйып береді, деп жазады inbusiness.kz.

Нәтижесінде бір бала жеңіл күйік алып, екінші баланың өңеші мен асқазаны күйіп қалған.

Балаға өңеш пен асқазанның екінші дәрежелі химиялық күйігі диагнозы қойылды. Қазір бала облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Қарағанды қаласының білім бөлімі "Бәйтерек" мемлекеттік балабақшасының "Еркетай" бөбекжайында болған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, барлық кінәлілер – медицина қызметкері, тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылған айтты.