Қарағандыда сауда үйінің жанынан егде әйелдің денесі табылды

0
4 026

Сауда үйінің жанында белгісіз әйелдің денесі жатқаны туралы Қарағанды қалалық ЖБО-ға кездейсоқ куәгер хабарлаған.


Қарағандыда сауда үйінің жанынан егде әйелдің денесі табылды

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Қарағандының «Майқұдық» шағын ауданындағы сауда үйлерінің бірінің жанынан 71 жастағы әйелдің денесі табылды, деп жазады inform.kz.

Сауда үйінің жанында белгісіз әйелдің денесі жатқаны туралы Қарағанды қалалық ЖБО-ға кездейсоқ куәгер хабарлаған. Полиция дереу оқиға орнына жеткен.

«31 желтоқсан күні сағат 9.47-де Қарағанды қаласы ПБ ЖБО-ға 12 шағын аудандағы «Аян» СҮ жанында зорлық-зомбылық белгілерінсіз 71 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.