Қарағандыда тұрғын үйде орналасқан дәмханадан өрт шықты

0
128

Оның әкімшісі ауруханаға жеткізілді.


Қарағандыда тұрғын үйде орналасқан дәмханадан өрт шықты

ERNUR.KZ. 12 ақпан күні Қарағандыда тұрғын үйде орналасқан дәмханадан өрт шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан дәмхананың ас үй бөлмесінде 10 ш.м. аумақта өрт шыққан. Алдына ала болжам бойынша күйік алған әкімші емдеу мекемесіне жіберілді», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖД күштері баспалдақ арқылы үйден 10 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт сағат 13:35-те сөндірілді. Өрт орнына Қарағанды облысы ТЖД 27 адамы мен 7 техникасынан тұратын күштері мен құралдары жұмылдырылды.