Карантин кезінде жалған ақшалардың айналымы едәуір төмендеген

0
2 316

Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады екен.


Карантин кезінде жалған ақшалардың айналымы едәуір төмендеген

ERNUR.KZ. Ұлттық банк жалған банкноттарға қатысты 2020 жылы анықталған жағдайлар туралы мәлімет берді, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішевтің сөзінше, былтыр жалған ақшалар көлемі 38 пайызға азайыпты.

«2019 жылмен салыстырғанда, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақшалар көлемі былтыр 38%-ға азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады (2019 жылы 1 319 банкнот пен монета). Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені, қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді»,– дейді Ұлттық банктен.

Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады екен. Жалған банкноттардың ең көбі – 67,3% Алматыда (554 дана) анықталса, еліміздің батыс өңірінде ең аз тіркеліпті.