Карантиннен кейін көптеген фитнес орталық жабылады

0
966

Фитнес саласында 30 мыңнан астам адам еңбектенеді.


Карантиннен кейін көптеген фитнес орталық жабылады

ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап елімізде фитнес орталықтар ашылады, деп жазады 24.kz.

Карантин басталғалы мыңға жуық жаттығу залы жабық тұрды. Елордада 180, Алматыда 290, ал Шымкентте 120 фитнес орталықтың қызметі тоқтаған еді. Карантин кезінде қазақстандық фитнес орталықтар қанша қаржы жоғалтты?

Фитнес саласында 30 мыңнан астам адам еңбектенеді. Олардың дені Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында. Карантин кезінде сала мамандары жұмыссыз қалды. Осы аралықта шағын фитнес орталықтардың өзі 4 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін шығынға батқан.

Қазақстандағы фитнес индустрияның қалпына келуіне екі жыл кетеді. Сала мамандары осындай болжам жасады. Фитнес орталықтар қауымдастығы шығын көлемін де есептеп шыққан. Карантин кезінде үлкен жаттығу залдары айына шамамен 60 миллион теңге шығынға батты. Ал бассейні жоқ шағын орталықтар айына 4 пен 15 миллион теңге аралығындағы қаржыдан қағылған. Сарапшылардың айтуынша, карантиннен кейін көптеген фитнес орталықтар жабылып қалады. Өйткені шығыны миллиондап есептелген кәсіпкерлердің, қайта аяққа тұруы екіталай. Сондықтан бұл сала өкілдері де мемлекеттен қолдау күтеді.

Басқа да тақырыптарға ойыссақ. «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасындағы компаниялар 3 миллиард долларға жуық портфельдік инвестиция тартты. Оның ішінде 220 миллион доллар акция түрінде тартылған.

Бұл туралы қаржы алаңының орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. «Астана» халықаралық қаржы орталығында 460-тан астам қатысушы тіркелген. Алаңда Азиялық және Еуразиялық даму банктерін қоса алғанда, халықаралық қаржы институттарының кластері құрылды. Жақында Қытай құрылыс банкі биржада құны 1 миллиард юанға бағаланған өз қағаздарын айналымға салды. Хабарламаға сай, бұл қаражат инфрақұрылымдық жобаларға бағытталады.

Биыл төрт айда Қазақстанда жалпы сомасы алты жүз миллиард теңгеге азық-түлік өндірілді. Азық-түлік тауарларының ең үлкен көлемі Алматы, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында тіркелген. Біріншісінде 90 теңге, екінші облыста 75 миллиард 500 миллион теңгеге тауар шығарылған. Ал Алматыда шамамен 75 миллиард теңгеге азық-түлік өндірілген. Бұл туралы Казах.зерно порталы хабарлайды.

Қазақстанда халық көп тұтынатын тауарлардың жиырма тоғыз санаты болса, оның алтауы импортқа тәуелді. Дегенмен, саладағы отандық өндірістің үлесі артып келеді. Қазақстан әлі күнге дейін алма, балық, шұжық, ірімшік, сүзбе, қант және тауық етін шетелден алады. Импорттық тауарларды отандық өніммен алмастыру үшін түрлі зауыттар салу жоспарланған.

Мысалы, биыл сүт фермалары, ет комбинаттары, қант зауыттары салынады деп күтілуде. Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Мерекеге орай бүлдіршіндердің сүйікті тағамының бағасын шолып өтеміз. - Қостанайда балмұздақ 95 теңгеден басталады. Көкшетауда тәтті тауар 100 теңгеден сатылады. Алматы қаласында да 100 теңге. Орал дүкендерінде балмұздақ 90 теңге тұрады. Ақтөбеде де балмұздақтың бағасы осы шамада. Ал елордада тәтті тауардың құны 80 теңгеден басталады. Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша, доллардың орташа 411 бағамы теңге 54 тиын, еуро 458 теңге 13 тиын, рубль 5 теңге 84 тиын.