Қасым-Жомарт Тоқаев тайфуннан зардап шеккен Жапония халқына көңіл айтты

0
850

"Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін", - деді мемлекет басшысы.


Қасым-Жомарт Тоқаев тайфуннан зардап шеккен Жапония халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Жапониядағы «Хагибис» тайфуны салдарынан қаза тапқан және әртүрлі жарақат алған адамдардың қайғыларын бөлісіп, Премьер-министр Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

– Қазақстан халқының және өз атымнан жақындарынан айырылған азалы отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін,– делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.