Қасым-Жомарт Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты

0
865

Мемлекет басшысының Жарлығымен, жаңадан 5 министрлік құрылды.


Қасым-Жомарт  Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен төрт министр Марат Қарабаев, Дархан Қыдырәлі, Асхат Оралов, Зүлфия Сүлейменова қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

“Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.