Қатып қалған құбырларды жылытудың ерекше тәсілін ойлап тапқандардың видеосы тарады

0
1 926

Видеодан жұмысшылардың құбыр маңында резеңке баллондарды жағып жатқанын көруге болады.


Қатып қалған құбырларды жылытудың ерекше тәсілін ойлап тапқандардың видеосы тарады

ERNUR.KZ. Талғар ауданының әкімдігіндегілер қатып қалған құбырларды жылытудың ерекше тәсілін ойлап тапты. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Видеодан жұмысшылардың құбыр маңында резеңке баллондарды жағып жатқанын көруге болады.

"Сіз газ құбырларының маңында темекі шегуден қорықтыңыз. Міне, адамдар от жағып жатыр. Бесқайнар ауылдық округіндегі жағдай", - делінген видеоның сипаттамасында.



"Қотырбұлақ ауылын сумен жабдықтау көзі - өзен. Су құбыры желісін 2015 жылы мердігер ұйым салған болатын. Облыс бойынша ауа температурасының төмендеуіне байланысты үсік жүрді, - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.


Осылайша, әкімдіктегілер құбырды жылыту үшін және ауыл тұрғындарына үздіксіз су беру үшін баллондарды жағуға мәжбүр болғанын түсіндірді. Қазір мәселенің шешілгені айтылады.