​«ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» қосымшасы арқылы отаныңды әлемге жақындата біл!

0
1 305

Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.


​«ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»  қосымшасы арқылы отаныңды әлемге жақындата біл!

Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады. Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.