Қазақстан 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді тәулігіне тағы 82 мың баррельге қысқартады

0
344

Осылайша Қазақстанда 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 468 мың баррель мұнай өндіріледі.


Қазақстан 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді тәулігіне тағы 82 мың баррельге қысқартады

ERNUR.KZ. Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп ерікті түрде мұнай өндіруді қосымша тәулігіне 82 мың баррельге қысқарту туралы шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылғы сәуірде қабылдаған, 2024 жылғы желтоқсанның соңына дейін созылатын тәулігіне 78 мың баррельге ерікті қысқартуға қосымша болып саналады", - деп атап өтті министрлік.
Шешім 30 қарашада өткен JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы және бейнеконференция форматындағы ОПЕК+ 36-шы министрлік кездесуінде қабылданды.
Отырысқа Қазақстан атынан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты. Онда 2023 жылғы қыркүйек-қазан айларында елдердің келісім бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды.
Осылайша Қазақстанда мұнай өндіру 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 468 мың баррельді құрайды.

Кейіннен нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында бұл қосымша қысқартылған көлемдер нарықтық жағдайларға байланысты біртіндеп қалпына келтіріледі.