Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды

0
310

Қазақстан ДДСҰ Еуропа өңіріндегі грант алған 36 елдің бірі болды.


Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды

Астанада Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстанның денсаулық сақтау минитрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталады.
ДДСҰ-ның Қазақстандағы кеңес осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан ДДСҰ Еуропа өңіріндегі грант алған 36 елдің бірі болды. Республикаға үш жыл мерзімге 19 миллион АҚШ доллары көлемінде елдік грант және 27 миллион АҚШ доллары көлемінде мультиелдік грант берілді.