Қазақстан–Оңтүстік Корея бағытында әуе қатынасы ашылады

0
800

Отандық әуе компанияларының табысы жыл басынан бері 1,5 есеге азайған.


Қазақстан–Оңтүстік Корея бағытында әуе қатынасы ашылады

ERNUR.KZ. Қазақстан-Оңтүстік Корея бағытында әуе қатынасы ашылады. Әзірге мәселе Үкіметтің деңгейде қаралып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Азаматтық авиация комитеті Төрағасының орынбасары Ардақ Өтеповтың телефон арқылы берген сұхбатында Түркиямен де байланыстың жанданатынын айтты. Алайда түпкі шешімді тараптардың Үкімет өкілдері қабылдайды.

Күні кеше Түркия Қазақстанның әуе компанияларына бағытты жауып тастаған, бір қызығы «Туркиш Эйрлайнстың» ұшақтары еркін қатынауда. Ал отандық әуе компанияларының табысы жыл басынан бері 1,5 есеге – 170 млрд-тан 99 млрд теңгеге азайған. Сапарлағандардың саны 35 пайызға кеміген.

Азаматтық авиация төрағасының орынбасары бұл турасында да жағымсыз болжамын жеткізді.