Қазақстан тарихындағы 80 әйгілі әйелдің есімі аталды

0
2 769

Ғылымға, спортқа, өнерге, білімге және саясатқа үлес қосқан Қазақстанның әйгілі 80 әйелдің суреті Даңқ аллеясына ілінетін болады.


Қазақстан тарихындағы 80 әйгілі әйелдің есімі аталды

ERNUR.KZ. Алматыда 5-19 наурыз күндері Esentai Mall сауда орталығында The Steppe ұйымдастыруымен «Steppe Women» қазақстандық әйелдердің тарих пен қоғамның дамуына қосқан үлесі жайлы көрме өтеді, деп жазады holanews.kz.

Онда қазақстандық әйелдердің тарихтағы маңызды оқиғалармен байланысы көрсетіледі. Сондай-ақ, ғылымға, спортқа, өнерге, білімге және саясатқа үлес қосқан Қазақстанның әйгілі 80 әйелдің суреті Даңқ аллеясына ілінетін болады.

Олардың қатарында алғашқы кәсіби суретші Айша Ғалымбаева, профессор София Баймақанова, «Бөбек» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Сара Назарбаева, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова, экс-қаржы министрі Наталья Коржова, адвокат Айман Умарова, журналист Гүлнар Бажкенова, актриса Самал Еслямова және Қазақстанның төрт дүркін чемпионы Элизавет Тұрсынбаева бар.

Көрменің ашылу күні, сағат 16:00-ден бастап бизнес, спорт, технологиялар және сән индустриясының мамандары пікірсайыстар өткізетін болады. Онда әр саладағы әйелдердің рөлі мен маңызы жайлы мәселелер талқыланбақ.

Қазақстандағы әйгілі 80 әйелдің тізімі төмендегідей:

Дина Нұрпейісова

ҚазССР халық әртісі

Домбырашы

Хұсни-Жамал Нұралыханова

Тұңғыш инженер

Гүлсім Асфендиярова

Жоғары білімді алғашқы әйел дәрігер

Аққағаз Досжанова

Бүкілресейлік мұсылмандар конгресінің делегаты

Дәрігер

Алма Оразбаева

КСРО тарихындағы алғашқы саясеткер әйел

Мемлекеттік қайраткер

Фатима Ғабитова

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ағартушы

Найля Базанова

Ғылым қайраткері

Биологиядағы жаңа саланың негізін қалаушы

Күләш Байсейітова

КСРО-ның ең жас халық әртісі

Опера әншісі

Шара Жиенқұлова

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі

Биші

Тұрсын Мырзабекова

ЖенПИ ректоры (1945-1959)

Хадиша Букеева

КСРО халық әртісі

Театр және кино актрисасы

Айша Ғалымбетова

Бірінші кәсіби суретші

Қазақ КСР халық әртісі

Какиш Рұсқұлова

Бірінші әйел хирург

Дариға Тналина

ҚР Еңбек сіңірген әртісі

Кинорежиссер

Балжан Бөлтірікова

Қазақ КСР Сыртқы істер министрі (1966-1971)

Қазақ КСР ағарту министрі (1971-1980)

Хиуаз Доспанова

Халық қаһарманы

Ұшқыш, штурман мерген

Мәншүк Мәметова

КСРО-ның алғашқы әйел қаһарманы

Пулеметші

Роза Бағланова

КСРО халық әртісі

Әнші

Алия Молдағұлова

КСРО батыры

Мерген

Алла Илчун

DIOR сән үйінің моделі

Ғазиза Жұбанова

КСРО халық әртісі

Композитор

София Баймақанова

Бірінші әйел профессор

Онколог

Гүлфайрус Исмаилова

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері

Суретші

Бибігүл Төлегенова

КСРО халық әртісі

Опера әншісі

Зәмзагүл Шәріпова

ҚазССР халық әртісі

Театр және кино актрисасы

Қымбат Сағынова

Радио-режиссер

Нинель Фокина

Хельсинки комитетінің бұрынғы басшысы

Құқық қорғаушы

Ильфа Жансүгірова

Қоғам қайраткері

Фариза Оңғарсынова

Қазақстанның халық жазушысы

Ақын

Сара Назарбаева

«Бөбек» қайырымдылық қорының құрылтайшысы

Қоғам қайраткері

Ғазиза Әбдінәбиева

Кино және театр әртісі

Ақмарал Арыстанбекова

Қазақстанның БҰҰ жанындағы бірінші тұрақты өкілі (1992-1999)

Дипломат

Бірғаным Әйтімова

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі

Білім және ғылым министрі (2004-2007)

Нағима Есқалиева

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі

Әнші

Валерия Ибраева

Өнертанушы, сыншы

Жания Әубәкірова

Қазақстанның халық әртісі

Пианист

Роза Рымбаева

ҚазССР халық әртісі

Әнші

Наталья Коржова

Қаржы министрі (2006-2007)

Айман Мұсақожаева

Қазақстанның халық әртісі

Скрипкашы

Людмила Савина

Эверестті бағындырушы

Альпинист

Сәуле Айтбаева

Бірінші әйел генерал

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (2018-2019)

Гүлнәр Әбикеева

Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті

Елена Бахмутова

Қаржыгерлер қауымдастығы басқармасының төрағасы

Мемлекеттік қайраткер

Дариға Назарбаева

Сенат төрағасы

Мемлекеттік қайраткер

Мақпал Жүнісова

Қазақстанның халық әртісі

Әнші

Сәуле Шауенова

Іскер әйел

Жанар Айтжанова

Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі арнайы өкілі

Экономикалық даму және сауда министрі (2010-2011)

Гүлжан Молдажанова

«Базэл» корпорациясының бас директоры

Форбс бойынша әлемдегі ең ықпалды әйелдердің бірі

Айман Умарова

Заңгер, құқық қорғаушы

Ольга Шишигина

Әлем чемпионы

Жеңіл атлет

Жанна Исабаева

Кинорежиссер

Үміт Шаяхметова

«Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы

Қаржыгер

Алмагүл Меңлібаева

Суретші

Тоты Әмірова

Азаматтық авиация комитеті Ұшуларды пайдалану бөлімінің бастығы (2018-2019)

Ұшқыш

Сәуле Сүлейменова

Суретші

Светлана Шарипова

Гималайды бағындырушы

Альпинист

Гүлнар Бажкенова

HOLA News ақпараттық порталының бас редакторы

Журналист

Салтанат Баймұхамедова

Дизайнер

Зира Наурызбаева

Мәдениеттанушы

Алима Бисенова

Антрополог

Аида Қауменова

Дизайнер

Аружан Саин

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

Қоғам қайраткері

Нарғыз Қасенова

Гарвард ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Жоғары дәрежелі ғалым

Сәуле Мектепбаева

Құқық қорғаушы

Самал Еслямова

71-ші Канн фестивалінде "үздік әйел рөлі" номинациясын иеленуші

Актриса

Әлия Юсупова

Азияның бірнеше дүркін чемпионы

Гимнаст

Анастасия Тарасова

ART & SHOK театрының басқарушы директоры

Театр актрисасы

Ольга Рыпакова

Олимпиада чемпионы

Жеңіл атлет

Диана Құдайбергенова

Әлеуметтанушы

Жанар Ибраева

Әскери-теңіз күштеріндегі алғашқы әйел

Ольга Сафронова

Азия чемпионы

Жеңіл атлет

Зарина Диас

WTA турнирінің жеңімпазы

Теннисші

Назым Қызайбай

Екі дүркін әлем чемпионы

Боксшы

Фируза Шәріпова

Әлем чемпионы

Боксшы

Мария Мудряк

Опера әншісі

Юлия Путинцева

WTA турнирінің жеңімпазы

Теннис ойыншысы

Динара Сәдуақасова

Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы

Шахматшы

Әйгерім Әбілқадірова

Грэпплингтен әлем чемпионы

Дзюдошы

Жансая Әбдімәлік

Халықаралық әйелдер гроссмейстері

Шахматшы

Елизавета Турсынбаева

Қазақстанның төрт дүркін чемпионы

Мәнерлеп сырғанаушы