Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды

0
2 337

2021 жылғы 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылады.


Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылып, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды. Сондай-ақ «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді, деп жазады ҚазАқпарат.

Комитет декларанттар мен кеден өкілдерінің кедендік декларацияларды қайда тапсыруға болатын хабарлады. Атап айтқанда, мемлекеттік кірістер департаменттерінің құрылымына мынадай өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:

1) Алматы қаласы бойынша МКД:

- «Алмалы - КРО» кеден бекеті қысқартылды;

2) Ақмола облысы бойынша МКД:

- «Атбасар» кеден бекеті қысқартылды;

3) Маңғыстау облысы бойынша МКД:

- «Қашаған» кеден бекеті қысқартылды;

- «Морпорт» к/б «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды;

- «Құрық» кеден бекеті құрылды;

4) Түркістан облысы бойынша МКД:

- «Түркістан-КРО» кеден бекеті «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекеті болып қайта аталды.

Сонымен 2021 жылғы 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылады.