Қазақстанда әскери міндеттілер оқуға шақырылады

0
5 483

Оқу-жаттығу жиыны Гвардиялық гарнизонның 22326 әскери бөлімінде өтеді.


Қазақстанда әскери міндеттілер оқуға шақырылады

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі алдағы әскери дайындық туралы жариялады, деп жазады ulysmedia.kz.

«Әскери қызметшілерді шақыруды Алматы қаласы, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының қорғаныс істері жөніндегі басқармалары жүзеге асырады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығу жиыны Гвардиялық гарнизонның 22326 әскери бөлімінде өтеді. Шараға 1500-ге жуық адам қатысады, оның ішінде 189 офицер, 275 сержант және 1036 сарбаз бар.

«Әскери міндеттілермен әскери дайындықты өткізудің негізгі мақсаты – оқу және практикалық дағдыларды дамыту, әскери дайындықтың қажетті деңгейін және әскери қызметке міндеттілердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын сақтау», - делінген хабарламада.