Қазақстанда мигранттарға арналған портал іске қосылды

0
638

Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингілеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа.


Қазақстанда мигранттарға арналған портал іске қосылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда көші-қон ресурстары порталы – migration.enbek.kz іске қосылды, деп жазады inform.kz.

Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингілеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа.

«Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар. Мысалы: «Қандас» мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, «Ата жолы» картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және тағы басқасы», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінде.