Қазақстанда үй жалдау бағасы тағы да өсті

0
1 148

Бір айда 27 маусым мен 26 шілдені салыстырғанда, бағалар 4,2%-ға өсті.


Қазақстанда үй жалдау бағасы тағы да өсті

ERNUR.KZ. Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу тағы да қымбаттай бастады, деп жазады stan.kz.

Бір айда 27 маусым мен 26 шілдені салыстырғанда, бағалар 4,2%-ға өсті.

Бағаның өсуі 13 қаланың 11-де тіркелген, онда тұрғын үйді жалға беру бойынша ұсыныстар бағасына мониторинг жүргізілді.

  • Қостанай, Петропавлда 10%;
  • Алматы, Шымкент 7%;
  • Ақтауда 5%;
  • Ақтөбеде 4%;
  • Астана, Қарағанды, Орал қалаларында 3%;
  • Павлодарда, Көкшетаудa 2%-ға артты.
  • Атырауда баға өзгерген жоқ. Ал Өскеменде 1 пайызға төмендеді.

Сұраныс пен жалдау бағасының өсуі шілде айының ортасында басталды.

27 шілдеге ҚР қалаларында тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы төмендегідей:

бір бөлмелі пәтер – 124 мың теңге;
екі бөлмелі пәтер – 165 мың теңге;
үш бөлмелі пәтер – 209 мың теңге.