Қазақстандағы халқы ең жас өңірлер белгілі болды

0
479

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.


Қазақстандағы халқы ең жас өңірлер белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2022 жылы қартаю индексі 28,2 құрады, осылайша көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа өсті (26,6 – 2021 ж.). Бұл дегеніміз 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3 және Қостанай облыстары – 48,9 тұр.

Бұл ретте, халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы, соңғы 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Онда 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді. Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында –11,7.

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.