Қазақстандық 4 журналист коронавирус жұқтырды – ДСМ

0
443

Олар инфекцияны науқаспен қарым-қатынас кезінде жұқтырып алған.


Қазақстандық 4 журналист коронавирус жұқтырды – ДСМ

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирус инфекциясын төрт тілші жұқтырып алды. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біздегі мәліметтер бойынша індетке шалдыққандар арасында төрт журналист бар. Олар инфекцияны науқаспен қарым-қатынас кезінде жұқтырып алған. Қазіргі уақытта аталған тілшілердің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», - деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Айжан Есмағамбетова мамырдың соңында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін екенін айтты.