Қазақстандық әскерилер Қырғызстандағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатысады

0
688

Оқу-жаттығулар Қырғызстан қарулы күштерінің полигонында 6-13 қазан аралығында өтеді.


Қазақстандық әскерилер Қырғызстандағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатысады

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметкерлер ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық - 2023" оқу-жаттығуларына қатысатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Оқу-жаттығулар Қырғызстан қарулы күштерінің полигонында 6-13 қазан аралығында өтеді.

"Оларға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысады. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – бітімгершілік операциясы кезінде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің әскери контингенттерінің үйлесімділігін арттыру", - деп хабарлады ведомство.

Оқу-жаттығуларға Қазақстан әуе-шабуылдаушы әскерлерін жібереді.

"Жаттығулар аясында қазақстандық әскери қызметшілер автокөліктер мен броньды машиналарда Алматы-Балықшы бағыты бойынша өз күштерімен жүріп өтеді", - деді Қорғаныс министрлігі.