Қазақстандық режиссер қамауға алынып, құрал-жабдығы тәркіленді

0
1 270

"Ол бұл елде фильм түсіріп жатыр. Енді Ирандағы қазақтар туралы фильм шыға ма, жоқ па - белгісіз"


Қазақстандық режиссер қамауға алынып, құрал-жабдығы тәркіленді
фото: beisekeyev инстаграм парақшасынан
Иран елінде деректі кино түсіретін қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеев ұсталды. Бұл туралы PR-маман Әлішер Елікбаев хабарлады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Ол бұл елде фильм түсіріп жатыр. Енді Ирандағы қазақтар туралы фильм шыға ма, жоқ па - белгісіз. Көп болды сол жақта жүргеніне. Енді ғана біліп отырмын. Ешқандай да мән-жайын білмеймін. Оны ұстап, барлық құрал-жабдығын тәркілепті. Бұған дейін ол Моңғолиядағы қазақтар туралы фильм түсірген, кейін Өзбекстанға барып, сондағы қазақтар жайлы фильм түсірген, енді Иранға барған", - деді Әлішер Елікбаев.
Оның айтуынша, Бейсекеевтен бірнеше мың доллар тұратын құрал-жабдығы тәркіленген.