Қазақстанға экстрадицияланған 34 адам аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған

0
537

​Олар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылықтан тыс қалады.


Қазақстанға экстрадицияланған 34 адам аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған

ERNUR.KZ. Бұл туралы сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Министрдің сөзінше, шетелде сотталып, жазасын елде өтеп жатқан 35 қазақстандық бар. Олардың 34-і аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған.

"Шетелде сотталған 35 адамның 31-і Ресейде, қалғандары Беларусь пен Қырғызстанда істі болған. Келісім бойынша олардың барлығы Қазақстанға ауыстырылып, жазаларын өтеп жатыр. Рақымшылыққа 1 адам ғана ілігіп отыр. Ол ауыр қылмыс жасағаны үшін 4 жылға сотталып, жазасының 3 жылын өтеген. Соңғы 1 жылы рақымшылық аясында кешіріледі. Аса ауыр және ауыр қылмыс үшін сотталған 34 адамға рақымшылық жасалмайды", – деді Ерлан Тұрғымбаев.