Қазақстанның алтын қоры көбейді

0
424

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еліміздегі алтын көлемі 373,4 тоннаны құрады.


Қазақстанның алтын қоры көбейді

ERNUR.KZ. Қазақстан 373 тоннадан астам алтын жинады, деп жазады ulysmedia.kz.

Кеңес мәліметінше, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еліміздегі алтын көлемі 373,4 тоннаны құрады.

Қазақстан алтын қоры жөнінен әлемде 14-ші орында (ХВҚ мен ЕОБ-ты қоспағанда) және Португалия (382,6 тонна) мен Өзбекстан (346,2 тонна) арасында орналасқан. Ресейде бағалы металл көлемі шамамен 2,3 мың тонна болса, Қытай 1,9 мың тонна алтын жинаған.

Әлем бойынша көшбасшы орында тұрған АҚШ-та – 8,1 мың тонна алтын болса, Германия – 3,3 мың тонна және Италия – 2,4 мың тонна бағалы металл жинаған.

13 маусымда Comex биржасында алтын троя унциясы үшін 1867 доллардан саудалануда. Ал LBMA-да бағалы металл 10 маусымда 1830 доллардан сатылды. Ұлттық Банктің сайтында 1 грамм бағалы металл 25,8 мың теңгеге бағаланған.