Қазақстанның аумақтық қорғанысы туралы заң қабылданады

0
477

Заң жобасында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, азаматтардың өкілеттіктері, сондай-ақ олардың жауапкершілігі бекітіледі.


Қазақстанның аумақтық қорғанысы туралы заң қабылданады

ERNUR.KZ. Парламент мәжілісіне "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" заң жобасы келіп түсті, деп жазады sputnik.kz.

Мәжіліс депутаттарының қарауына "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" заң жобасы және "Кейбір заңнамалық актілерге аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы келіп түсті.
Мәжіліс депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан осы заң жобалары үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленгенін атап өтті.
"Негізгі заң жобасында еліміздің аумақтық қорғанысының құқықтық негіздері, аумақтық қорғаныстың мақсаттары, міндеттері, қағидаттары айқындалады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, азаматтардың өкілеттіктері, сондай-ақ олардың жауапкершілігі бекітіледі", - деді Құспан мәжіліс отырысында.
Ал ілеспе заң жобасы Қазақстан заңдарын аумақтық қорғаныс туралы заң жобасына сәйкес келтіруге бағытталған. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың аумақтық қорғаныс саласындағы өкілеттіктері айқындалған.

Мәжіліс алдағы уақытта осы заң жобаларын талқылап, тиісті қорытынды әзірлейді.