"ҚазТрансОйл" басшысы міндетін атқарушы қызметіне кім келетіні хабарланды

0
542

Бұл туралы Қазақстан қор биржасы мәлімдеді.


ERNUR.KZ. Сәбит Арынов "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының, басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жазылды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ биржаға мынаны хабарлайды: "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының міндеттерін уақытша атқару "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары, басқарма мүшесі Сәбит Әбілдайұлы Арыновқа жүктелді", - делінген хабарламада.