Келер жылдан бастап 11-13 жастағы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады – онколог

0
647

Вакцина ата-ананың рұқсатымен егіледі.


Келер жылдан бастап 11-13 жастағы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады – онколог

ERNUR.KZ. Алматы Онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Өлмесханқызы «Basty bailyq» YouTube-арнасына берген сұхбатында жатыр обырының алдын алу үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Елімізде жатыр мойны қатерлі ісігін емдеу және басқа да қатерлі ісіктерді емдеу кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында емделеді. Қатерлі ісікті емдеуге кететін қаражат аурудың қаншалықты асқынғанына байланысты. 2022 жылы Ұлттық денсаулық кодексіне вакцинация бағдарламасы енгізілді. Ол тек ата-ананың рұқсатымен салынады. 2024 жылы жоспар бойынша вакцина келуі керек. Ол 11-13 жастағы балаларға тегін егіледі. Ал 13 жастан асқан қыздар, әйелдер вакцинаны ақылы түрде ала алады деп ойлаймын», - деді дәрігер.