Халықаралық волонтерлер форумы басталды

0
770

Форумға 34 елден 140-тан аса шетелдік қатысушы келген.


Халықаралық волонтерлер форумы басталды

ERNUR.KZ. Астанада Халықаралық волонтерлер форумы басталды, деп жазады baq.kz.

Форумның негізгі мақсаты – волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейде паш ету. Қазақстанның Орталық Азия елдері арасында еріктілер бағытындағы көшбасшысы екенін көрсету.

Форумға 34 елден 140-тан аса шетелдік қатысушы келген. Жалпы іс-шарада 400-ге жуық қатысушы болады. Форум 2 күнге созылады.