Көкшетауда дүңгіршектен шыққан өрттен бір адам мерт болды

0
365

Өрттің алдын ала себебі — электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау.


Көкшетауда дүңгіршектен шыққан өрттен бір адам мерт болды

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метр аумақты құрайтын күзет дүңгіршегінен өрт шықты, деп жазады inform.kz.

Өрт уақытылы сөндірілді.

ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан бір адамның денесі табылды.

Өрттің алдын ала себебі — электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау.