Қонаевтағы ірі монша өртеніп кетті

0
622

Қазіргі таңда моншаның не себепті өртенгені анықталып жатыр.


Қонаевтағы ірі монша өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында ірі моншалардың бірі өртеніп кетті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 8 желтоқсанға қараған түні сағат 1:31-де болған. Қонаев –Алматы тасжолының бойында орналасқан "Макао" ойынханасының аумағындағы моншадан өрт шыққан.
Тілсіз жау жалпы аумағы 276 шаршы метрді қамтыды.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде моншаның өртеніп жатқаны және оның іші ағаштан жасалғаны анықталды",- дейді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қызыл жалын 02.52-де ауыздықталып, 04.50-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Қазіргі таңда моншаның не себепті өртенгені анықталып жатыр.