Қорғаныс министрі ұлы неге әлі әскерге бармағанын айтты

0
629

Әскери қызмет түрі туралы сұраққа министр оны ұлының таңдауына қалдырғанын айтты.


Қорғаныс министрі ұлы неге әлі әскерге бармағанын айтты

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов баласын әскерге жіберуге уәде берді, деп жазады tengrinews.kz.

"Қазір ұлымның жасы жиырмада, ол – студент. Оқуын тәмамдаған соң өзі таңдаған бағыт бойынша әскерге өзім жетектеп апарамын. Алайда арнайы құрылымдарға барғаны абзал", - деді Руслан Жақсылықов Мәжілістің жалпы отырысының соң.

Әскери қызмет түрі туралы сұраққа министр оны ұлының таңдауына қалдырғанын айтты.

"Қайда қаласа, сонда барады. Бірақ ол арнайы бөлімшелерде немесе барлау бөлімшелерінде қызмет етуге бейім", - деді Жақсылықов.