Коронавирус адам ағзасында қанша уақытқа дейін сақталады - маман жауабы

0
2 472

Ұзақ уақыт бойы байқалатын коронавирус белгілері де айтылды.


Коронавирус адам ағзасында қанша уақытқа дейін сақталады - маман жауабы

ERNUR.KZ. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры Сәуле Қасенова коронавирус белгілері адам ағзасында қанша уақытқа дейін сақталатынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Маманның сөзінше, вирус белгілері адам ағзасында 6 айдан 2 жылға дейін сақталуы мүмкін.


"Өкініштісі коронавирус жұқтырып, ауырып, жазылған науқастардың 20 пайызында аурудың белгілері ұзақ уақыт сақталады. Олар бізге хабарласып, қаншалық ұзақ болатынын сұрайды. Ковидтен кейін аурудың белгілері 3 айға дейін, ал қатты ауырған науқастарда 2 жылға дейін сақталуы мүмкін", - дейді дәрігер.


Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы байқалатын коронавирус белгілері де айтылды.


"Коронавирус жұқтырғандардың арасында ең көп тараған белгі - жөтелдің тоқтамауы. Дем ала алмай, өкпе қысылады. Біреудің басы ауырса, біреудің жүрегі ауырады. Кейбірінің ұйқысы бұзылады, біреуі есте сақтау қабілетінің нашарлағанын айтады. Сондықтан тұрғындар коронавирустан кейін түрлі белгілер қалуы мүмкін екенін білу керек. Ковидтен кейін ауруларды емделеді, тек адам өздігінен емделмеу керек", - деді Сәуле Қасенова ОКҚ онлайн-брифингте.