Қостанай облысында қызылша дерті өршіп барады

0
310

өңірде 42 адамнан қызылша анықталды. Оның басым бөлігі облыс орталығында тіркеліп отыр.


Қостанай облысында қызылша дерті өршіп барады

ERNUR.KZ. Қостанай облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Соңғы он күнде жұқпалы дертке шалдыққандар саны екі есеге артқан, деп жазады zakon.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде 42 адамнан қызылша анықталды. Оның басым бөлігі облыс орталығында тіркеліп отыр.

Сондай-ақ Рудный, Жітіқара қалаларында, Жанкелді ауданында осы ауруды жұқтырғандар бар. Қауіпті індетке шалдыққандардың дені балалар.

"Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Ондағы мақсат қызылшаның таралу аумағын, дертке шалдыққан жандардың кіммен жақын қарым-қатынаста болғандығын анықтау. Соның нәтижесі бойынша шұғыл алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Әйгерім Қалиева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы