Қостанайда күйеуінің 20 мың теңге қарызы үшін әйелін пышақтап кетті

0
724

Белгілі болғандай, қостанайлық тұрғын 38 жастағы әйелге ақша үшін суық қару қолданған.


Қостанайда күйеуінің 20 мың теңге қарызы үшін әйелін пышақтап кетті

ERNUR.KZ. Полицейлер Қостанайда болған оқиғаның жай-жапсарын айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Полиция департаменті күйеуінің қарызы үшін әйеліне пышақ сұққан қостанайлық азаматтың қылмысқа барғанын хабарлады.

Белгілі болғандай, қостанайлық тұрғын 38 жастағы әйелге ақша үшін суық қару қолданған.

"Оқиғаның алдын ала себебі - ақшалай қарыз. Жәбірленушінің күйеуі күдіктіге 20 000 теңге қарыз болған. Олар бір ауданда тұрады", - деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шабуылдаушы сол күні ұсталды, жәбірленушінің сөмкесі мен пышақ тәркіленді. Күдікті мас күйінде болғаны белгілі болды.Әйел қысқы қиімнің арқасында аман қалған.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қостанайда әйелге пышақ сұққан қылмыстың видеосы тараған еді. Белгілі болғандай, кісі өлтіруге әрекет жасады деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталды. Әйелді дер кезінде құтқарып қалды. Ол ауруханаға жеткізілді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оны амбулаториялық емдеу үйіне жіберді.