Қостанайда полиция 100 млн теңгенің синтетикалық есірткісін тәркіледі

0
1 860

Күдіктіні ұстау бойынша операцияны Қостанай облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тобыл қаласында «Қарасора – 2023» жедел алдын-алу шарасы шеңберінде жүргізді.


Қостанайда полиция 100 млн теңгенің синтетикалық есірткісін тәркіледі

ERNUR.KZ. Қостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі саудалаушыны ұстап, одан құн 100 млн теңгеден асатын синтетикалық есірткі партиясы тәркіленді, деп жазады Polisia.kz.

Күдіктіні ұстау бойынша операцияны Қостанай облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тобыл қаласында «Қарасора – 2023» жедел алдын-алу шарасы шеңберінде жүргізді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тобыл қаласында полиция қызметкерлері тінту кезінде күдіктіден 3 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі. Бұдан басқа, 2 мыңнан астам орап, сатуға дайындалған синтетика тәркіленді, бұл аса ірі көлем», - деп Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов облыстың 31 жастағы тұрғынын ұстау жөніндегі операцияның мән-жайы уралы айта келе.

Мұндай партияның құны 100 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат – «мефедрон» синтетикалық препараты.

Қостанай облысында «Қарасора – 2023» жедел алдын-алу шарасы өткізіле бастағаннан бері 10 келіден астам түрлі есірткі тәркіленген.