Қостанайда саунаға келген әйелдер төбелес шығарды (видео)

0
347

Желіде Қостанайда болған төбелестің видеосы тарады.


Қостанайда саунаға келген әйелдер төбелес шығарды (видео)

ERNUR.KZ. Қаладағы сауналардың бірінің алдында әйелдер жанжал шығарған, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қолданушылар қызу пікір білдіріп жатқан видео кадрларынан ғимарат ауласында үш әйел төбелесі қалай басталғанын көруге болады.

Кейін ғимарттан шыққан ер адам жанжалға араласады. Ол көшеде төбелесіп жатқан екі әйелдің бірін бетінен ұрып, кейін екінші әйелді соғады, ол тізерлеп отырып қалғанда басынан тебеді. Соққыға шыдамаған әйел жерге құлайды.


Басылым мәліметінше, төбелеске не себеп болғаны бегісіз. Жәбірленуші сауна әкімшісі, ал оның қарсыластары мекеме клиенттері екені белгілі болды.

Облыстық Полиция департаменті мәліметі бйынша, осы факт бойынша Оңтүстік полиция басқармасы ҚР ҚК-ның 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастаған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері аясында сот-медициналық сараптама тағайындалған. Төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталған.