Күн енді ысиды: Қазақстанда астрономиялық жаз басталды

0
994

2019 жылғы 22-24 маусымға арналған болжам.


Күн енді ысиды: Қазақстанда астрономиялық жаз басталды

ERNUR.KZ. 21 маусым күні астрономиялық жаз басталып, оған ауа райы да тиісінше болып тұр, деп жазады Zakon.kz.

Батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық, күндіз термометрдің сынап бағанасы 32…39°С, кей жерлерде 40…43°С дейін жоғарылайды.

Басқа аймақтарда атмосфералық фронттар республиканың шығыс жартысы арқылы жылжығанымен, олардың әсері әлсірей бастайды. Сондықтан найзағаймен өткінші жаңбыр тек кей жерлерде болжанады.

Температура орташа көпжылдық мәннен төмен болжанғанымен, дүйсенбіде күндіз 23...28, кей жерлерде 30...35°С дейін жоғарылауы күтіледі.