Құрбан айттың алғашқы күнінде 40 мыңнан астам отбасыға ет таратылды

0
648

Биыл карантин кезінде онлайн форматта құрбандық шалу үшін qurban2021.kz сайты іске қосылды.


Құрбан айттың алғашқы күнінде 40 мыңнан астам отбасыға ет таратылды

Құрбан айттың алғашқы күнінде 40 мыңнан астам отбасыға құрбандық еті таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма ақпаратына сәйкес, 20 шілдедегі мәлімет бойынша республика деңгейінде qurban2021.kz сайты арқылы 2 132 адам құрбандық шалуға тапсырыс берген, ел бойынша 7 670 мал құрбандыққа шалынды.

Оның ішінде қой – 6 740, ірі қара – 603, ешкі – 318, түйе – 9. Ел бойынша 40 156 отбасыға құрбандық еті таратылды.

Айта кетейік, биыл карантин кезінде онлайн форматта құрбандық шалу үшін qurban2021.kz сайты іске қосылды.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі 4 қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Бұл жобаның мақсаты – қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну", - деп мәлімдеді ҚМДБ.

Биыл Құрбан айт 20-22 шілдеге түсіп тұр.