Қытайдан велосипедпен шыққан саяхатшылар Астанаға келді – видео

0
614

Қандастар веломарафонды үш жыл бұрын жасаймыз деп ойлаған. Бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдыруға тура келді.


Қытайдан велосипедпен шыққан саяхатшылар Астанаға келді – видео

ERNUR.KZ. Қытайдан велосипедпен шыққан қандастар Астанаға жетті, деп жазады Хабар 24.

Думан Мәдетханұлы мен Оразай Алтынбекұлының саяхаты сәуір айында басталған. Қос қандас үш мың шақырымды артқа тастап келді. Веложорықтың мақсаты - бала күнгі армандарын іске асыру, екі ел арасындағы достықты нығайту.

Қандастар веломарафонды үш жыл бұрын жасаймыз деп ойлаған. Бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдыруға тура келді.
"Осылай қандастарыммен бірге келіп, тебіреніп, не дерімді білмей тұрмын. Табиғаты болсын, адам осы жердегі қандастарымыз болсын, сондай бір бауырмал, қазаққа тән мейірбандылық бауырмалдылық бар екені осы жерде көзім жетті", - дейді Думан Мәдетханұлы.