«Land Сruiser» мінгендер «Жигулиге» жете алмай қалды (видео)

0
4 073

BMW-ның моторын салған «Жигулиге» «Джип» мінгендер жете алмай қалды.


 «Land Сruiser» мінгендер «Жигулиге» жете алмай қалды (видео)

ERNUR.KZ. BMW-ның моторын салған «Жигулиге» «Джип» мінгендер жете алмай қалғаны жазылған бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

«KZ 277 OXA 01» нөмірін таққан «Жигулиге» «Джип» мінгендер жете алмаған видео whatsapp желісінде таралып жатыр.

«180-мен жете алмай жатырмыз. Кім істесе де ырзамын. Әңгіме жоқ» , - дейді жол талғамайтын көлік жүргізушісі.

Көлік нөміріне қарағанда бұл видео Астана қаласы маңында түсірілген секілді.

«200-бен әрең жеттік. Тоқтатып қарасақ BMW-ның моторын салып алыпты» , - дейді разы болған жігіттер.

Видео әлеуметтік желіден алынды.