Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы азайды

0
693

Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы азайды. Мамандар соңғы 3-4 күнде көл аумағынан өлексе таппаған.


Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы азайды

ERNUR.KZ. Дегенмен әр жерде бірен-саран өлі құс кездесуі мүмкін, деп жазады zakon.kz.

Бірақ көлге мұз қатқандықтан, оларды жинау мүмкін болмай тұр,- дейді жауаптылар.

Айта кетейін, Қарақия- Қаракөл қаумалындағы Қаракөл көлінде қыстап жатқан аққулар, желтоқсан айынан бастап жаппай қырылды.

Осы кезге дейін 1200 ге жуық өлексе жиналып, жойылған. Зерттеулер нәтижесінде қанаттылардың құс тұмауынан өлгені белгілі болды.