Маңғыстауда бір топ жігіт мүгедек жасөспірімді аямай соққыға жықты

0
917

Маңғыстау облысының Құрық кентінде 8 адамнан тұратын топ 2009 жылы туған кәмелетке толмаған Мейрамбек Рахымбердіні сабап тастаған.


Маңғыстауда бір топ жігіт мүгедек жасөспірімді аямай соққыға жықты

ERNUR.KZ. Қазір жәбірленуші ауруханада жатқан. Оның ата-анасы кінәлілерді жазалауды талап етеді. Бұл мүгедекке жасалған алғашқы шабуыл емес, деп жазады inbusiness.kz.

Анасының айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында бір топ бала Мейрамбекті ұрып-соққан. Сол кезде алған жарақаттарынан кейін жасөспірімде талма ауруы пайда болып, оған 2- дәрежелі эпилепсия диагнозы қойылып, мүгедектіктің үшінші тобы тағайындалды.

"Мен білмеймін, неге кінәлілер тайраңдап жүргенін. Осы іс бойынша айыптылар ешқашан жазаланбаған. Іс жалғасуда. Міне, тағы шабуыл жасады. 20 қыркүйек, сағат 06:30 шамасында болды. Ұлым досымен дүкеннің жанында тұрады. 8 адам жабылып ұрып кеткен. Күдіктілер белгілі, олардың жеке басы анықталған", - дейді зардап шеккен баланың ата-анасы.

3 топтағы мүгедек, кәмелетке толмаған Мейрамбек Рахымбердіні жаппай ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы бойынша бұзақылық ретінде тіркелді. Шабуылдаушы жасөспірімдердің жеке басы анықталды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық ПД қызметкерлері.

Жалпы Құрық ауылы жасөспірімдер арасындағы төбелес бойынша бірнеше рет тізімге ілінген.