Марат Күлдіков төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

0
797

Қасым-Жомарт Тоқаев маусымның басында ірі орман өрті болған Абай облысындағы жедел штаб отырысында вице-министр Марат Күлдіковтің баяндамасын үзген болатын.


Марат Күлдіков төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Марат Күлдіков берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды, деп жазады tengrinews.kz.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев маусымның басында ірі орман өрті болған Абай облысындағы жедел штаб отырысында вице-министр Марат Күлдіковтің баяндамасын үзген болатын. Президент уәкiлеттi органдардың оқиғаға қалай әрекет етуiне және олардың төтенше жағдайдағы iс-әрекеттерiне қатты наразылығын бiлдiрдi.

"Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайды қарайды? 14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді", - деді сол кезде Тоқаев.