Мәулен Әшімбаев шахматтан әлем чемпионаты соңғы партиясында алғашқы жүрісті жасады

0
668

Ол Аланна Берікқызымен бірге партиядағы алғашқы жүрісті жасады.


Мәулен Әшімбаев шахматтан әлем чемпионаты соңғы партиясында алғашқы жүрісті жасады

ERNUR.KZ. Мәулен Әшімбаев шахматтан әлем чемпионы үшін сайыстың шешуші партиясына қатысты, деп жазады inform.kz.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өткен матчтың 14-ші шешуші партиясына қатысты.

Палата спикері мектеп оқушылары арасындағы шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы Аланна Берікқызымен бірге партиядағы алғашқы жүрісті жасады.

Айта кетейік, бұл күндері Қазақстан астанасында Халықаралық шахмат федерациясының айтулы шарасы өтіп жатыр.

Матчтың қорытындысы бойынша әлем чемпионы анықталады.

Астанада қытайлық шахматшы Дин Лижэнь мен ресейлік Ян Непомнящий осы атақ үшін сайысқа түсіп жатыр.