Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

0
679


Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп жазады baq.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы "2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіндері баспасөзде жарияланады.