Мереке күндеріне доллардың ресми бағамы белгіленді

0
738

Доллардың 5 наурыздағы ресми бағамы 499,20 теңге болды.


Мереке күндеріне доллардың ресми бағамы белгіленді

ERNUR.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі доллардың теңгеге қатысты ресми бағамын 6-9 наурызға белгіледі, деп жазады Tengrinews.kz.

Мереке күндері және сәрсенбіде доллар бағамы 503,30 теңгеге тең болады. Айта кетейік, доллардың 5 наурыздағы ресми бағамы 499,20 теңге болды.

Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 503,30 теңгені көрсетті.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 505,58 теңге, сатылым - 520 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орташа есеппен 515,45 теңгеден сатып алады, 520,47 теңгеден сатады.